Кейбір құрылыс материалдары бойынша толық импортқа тәуелдіміз – министр

0
60

Премьер-Министрдің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров құрылыс саласында елімізде шығарылған материалдарды пайдаланудың үлесін арттыруға мән берілетінін айтты.

«Жайлы мектептер құрылысына отандық материалдарды қолдану мәселесін жуырда Үкімет отырысында арнайы қарастырдық. Жоба операторы «Samruk-Kazyna Construction» компаниясына қазақстандық құрылыс материалдарымен қамтуды ұлғайту жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Бұл мәселе бақылауда, атқарылған жұмыстар бойынша есеп беру күнін, Үкіметтің тағы бір кеңес өткізуді белгіледік. Менің ойымша, жазға жақын, бұл жұмыстың нәтижесін егжей-тегжейлі қарастырамыз және бағасын береміз», – деді Нұрлан Байбазаров Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, құрылыс саласында отандық материалдарды қолдану талабы енгізіледі. Ол үшін Үкіметте тиісті заңнамалық шараларды қабылдау қаралып жатыр.

«Құрылыс саласында кейбір материалдар бойынша бізде толық импортқа тәуелділік бар. Әзірге импортқа тәуелділік бойынша біз ештеңе істей алмаймыз. Бірақ, бұл бағыттағы инвестициялық жобаларға назар аударамыз», – дейді ол.


ПІКІР ЖАЗУ