«Былықтың көкесі шығып жатыр»: Әнару Құрманәлінің адвокаты тың ақпарат бөлісті

0
573

Өзін боксшы зорлады деп айыптаған Әнару Құрманәлінің адвокаты Ләззат Ахатова Жаңқош Тұраровтың жауапкершілікке тартылмағанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, Жанқош Тұраровқа қатысты іс әлі де жалғасады. Тергеу тарапынан өрескел заңсыздықтар болған. Сонымен қатар адвокат сарапатаманың кеш жасалғанын, тіпті, дәрігер-протологтың қатысуынсыз өткізілгенін жеткізді.

Әнару Қалдыбекқызы Құрманәлінің Жанқош Тұраровқа қатысты жазған арызы бойынша қозғалған іс туралы біраз журналист хабарласты. Іс аяқталды ма, қалай болып жатыр деп сұрайды. Біраз адамның көкейінде де сол сұрақ шығар. Біршама тоқталайын. Іс аяқталған жоқ. Ешқандай татуласу туралы әңгіме де, ниет те жоқ. Әлі тергеу жұмысы жалғасып жатыр. Нақтысында тергеу органы сараптама қорытындысын күтіп отыр. Осы жерде тағы да ерекше тоқталып өткім келетіні – сараптама тағайындалғанда, тергеу тарапынан өрескел заңсыздықтарға жол берілген. Біріншіден, сараптама дәрігер-проктологтың қатысуынсыз өткізілген. Ондай зорлық жағдайында сараптама міндетті түрде дәрігердің қатысуымен жасалу керек. Екіншіден, сараптама кеш жасалған. Арыз бергеннен 5 күннен кейін. Яғни тергеу тарапынан күдікті (күдікті де емес, куәгер етіп өткізген) жаққа жақтасу, тіпті ҚЫЛМЫСТЫ ЖАСЫРУ болған деп есептейміз. Ана жақтың шіреніп жүргені де осы себепті болса керек. Полиция мен ҰҚК-де «плотный» крышалары болған соң солай шіренсе керек. Сараптаманы сатып алғандай, сөздері ірі әйтеуір. Бізде сатылмайтын не қалды өзі?.. Бұл жерде біз барлық нұсқаға моральды түрде дайын отырмыз. Сарапшыларды сатылды деуден аулақпын. Өз міндетін адал орындайтын мамандар аз емес қой. Жалпы айтылған сөз, – деді адвокат.

Сондай-ақ Ләззат Ахатова тергеу құпиясын жариялай алмайтынын айтып, бірақ небір былықтардың шығып жатқанын жасырмады. Оған қоса, ол өзінің біреудің айыбын ашу мақсатында емес, әділетті жазасын алсын деген ниетпен күресіп жатқанын алға тартты.

Сонша ұзартқандарына қарағанда, 28 қыркүйекте бокстан халықаралық жарыс өтсін деп отыр ма деген де ой бар. Сосын тағы бір айта кететін жайт, істі жүргізіп жатқан тергеуші де, тергеу бөлімінің бастығы да жұмыстан кетіпті. Таяуда. Бұл кездейсоқтық па, сәйкестік пе, түсінбедік. Әзірге айтарым – осы. Тергеу құпиясын жарияламау туралы қолхат бергендіктен, көп нәрсе айта алмаймын. Әйтпесе былықтың көкесі шығып жатыр. Мен қазіргі кейбір танымал жастардан (актриса, әнші, блогер дегендерден) шошиын дедім, шын айтсам. Қанша күннен бері біз қайда кетіп барамыз деп, шокта жүрмін. Басқа да қылмыстар анықталып жатыр. Олар да уақытында айтылар, – дейді Әнарудың қорғаушысы.



ПІКІР ЖАЗУ