Қазақстанда құтқарушылардың зейнет жасы төмендетілмек

0
52

 

Премьер-министр Олжас Бектеновтың айтуынша, қазір төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушыларды аттестациядан өткен қызметкерлер санатына ауыстыру мәселесін қарастырып жатыр. Осылайша құтқарушылардың зейнетке шығу жасы төмендеп, олардың құқығы мен мәртебесі құқық қорғау жүйесіндегі қызметкерлердің дәрежесімен теңеспек.

Оның айтуынша, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерін жасау мәселесі де қарастырылған. Сондай-ақ құтқарушыларға денсаулығына зиян келтіретін және өміріне қауіп төндіретін жұмыстар үшін 70%-ға дейінгі мөлшерде қосымша ақы төленбек. 

 


ПІКІР ЖАЗУ