Банк омбудсманы тек ипотекалық несиеге қатысты дауларды реттейтін болады

0
67

 

Бүгінде банк омбудсманы тек ипотекалық даулар бойынша қарыз алушы мен банк арасындағы ымыраға келуге көмектесетін делдал ретінде әрекет етеді, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі. Түзетулерде оны азаматтардың барлық несиесі мен шағын несиелері, соның ішінде коллекторлық агенттіктерге бекітілгендер бойынша дауларды шешуді міндеттеу ұсынылады.

Заң жобасы аясында банк омбудсманы қарыз алушылардың проблемалық қарыздарын реттеуге қатысты мәселелерін шешуге жәрдемдесетін болады. Бұл ретте банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлар банк омбудсманының шешімін орындауға міндетті болады.


ПІКІР ЖАЗУ