«Тақиялы депутат»: Ұлттық киім ұлттық рухты қалыптастырады

0
49

 

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев соңғы уақытта ұлттық киімге деген сұраныстың арта бастағанын аңғарғанын айтады. Тіпті, Парламент қабырғасындағы әріптестерінің жұмысқа ою-өрнегі бар киімдерді киюге қызығушылығы арта бастаған.

«Парламентке алғаш келгенде біреулер «тақияңды шешіп таста, бұл жердің өзіндік этикасы, дресс-коды бар» деген ескерту жасайды ма деп ойлағаным рас. Бірақ антты да тақиямен қабылдап, осы уақытқа дейін басымнан шешкен емеспін»,-дейді ол.

Сондай-ақ, «Үй жанындағы дүкенге шапанмен, тақиямен кіріп келсеңіз, өзге ұлттың сатушылары қазақша амандасып жатады. Ал күнделікті киіммен кіріп қалсаң «что искали?» деп автоматты түрде тіл қатады, – дейді депутат.

 


ПІКІР ЖАЗУ