Қазақстанда қымыз өндірісі 10,6% артты
Ұлттық статбюро Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық сусындар өндірісінің көрсеткішін жариялады.
Өткен жылдың 12 айында қымыз өндірісі 10,6% өсіп, 2 463 тоннаға жетті.
Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 236 тоннаға артық.
Алайда шұбат өндірісі 2% төмендеп, 3003 тоннаны құрады.
Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 61 тоннаға аз.