Ерлан Қошанов Женевада өтетін Парламентаралық одақ Ассамблеясының мәжілісіне қатысады
ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Парламентінің делегациясын бастап Женеваға барды. Онда қазақстандық делегация Парламентаралық одақ Ассамблеясының кезекті 148-ші мәжілісіне қатысады, деп хабарлайды ҚР Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.
Ресми сапар аясында сондай-ақ қазақстандық делегация Швейцария Конфедерациясына барады. Онда Мәжіліс төрағасының Швейцария Конфедерациясы Федералды жиыны Ұлттық кеңесінің төрағасы Эрик Нузбаумермен және Бернде Швейцария Конфедерациясы Сыртқы істер министрі, федералды кеңесші Иньяцио Кассиспен кездесуі жоспарланған.