Көршіні айналып өтуге болатын тағы бір портта сауда қайта жанданды
Каспий теңізіндегі тәуелсіздік туындысы саналатын отандық кіші теңіз портының жаңа тынысы ашылмақ.
Кеңес одағы күйрегелі Қытай мен Еуропа арасындағы ғаламат жүк ағыны құрлықпен, Ресей аумағымен тоқтаусыз тасқындады. Салдарынан, Қазақстанның теңіздегі порттары өткен отыз жылдықта «жол жиегіне» ығысуға мәжбүрленді.
реконструкциялау арқылы көлік-логистикалық инфрақұрылымы дамытылады. Құрық арқылы жөнелтілетін жүктердің қолданыстағы номенклатурасы кеңейтіледі, сондай-ақ халықаралық тасымалдау логистикасы, сервисі дамытылады, теңіз көлігі цифрландырылады», – деп түсіндірді Көлік министрі Марат Қарабаев.
Оның айтуынша, бұл бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен де қаржы бөлінеді, бюджеттен тыс қаражат пен жеке инвестициялар да тартылады. Тиісті бюджеттік өтінімдерді министрлік Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығаруы үшін Қаржы министрлігіне жіберетін болады.
Ведомствоның дерегінше, қазіргі уақытта Құрық портында «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалын тұрғызу жобасы іске асырылуда. Ол астықты, басты жүктерді (генеральные грузы), контейнерлік, үйінді және құйма жүктерді қабылдап, жөнелтетін терминалдық қуаттылықты ұлғайтады. Ол бойынша мұнай тасымалдау да мүмкін болмақ.
Өз кезегінде «Құрық порты» ЖШС жүк тасымалының тұрақты көлемін кепілдендіретін жүк жөнелтушілерге және жүк тасымалдаушыларға жеңілдікті шарттар ұсыну мүмкіндігін қарастыруға дайын.реконструкциялау арқылы көлік-логистикалық инфрақұрылымы дамытылады. Құрық арқылы жөнелтілетін жүктердің қолданыстағы номенклатурасы кеңейтіледі, сондай-ақ халықаралық тасымалдау логистикасы, сервисі дамытылады, теңіз көлігі цифрландырылады», – деп түсіндірді Көлік министрі Марат Қарабаев.
Оның айтуынша, бұл бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен де қаржы бөлінеді, бюджеттен тыс қаражат пен жеке инвестициялар да тартылады. Тиісті бюджеттік өтінімдерді министрлік Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығаруы үшін Қаржы министрлігіне жіберетін болады.
Ведомствоның дерегінше, қазіргі уақытта Құрық портында «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалын тұрғызу жобасы іске асырылуда. Ол астықты, басты жүктерді (генеральные грузы), контейнерлік, үйінді және құйма жүктерді қабылдап, жөнелтетін терминалдық қуаттылықты ұлғайтады. Ол бойынша мұнай тасымалдау да мүмкін болмақ.
Өз кезегінде «Құрық порты» ЖШС жүк тасымалының тұрақты көлемін кепілдендіретін жүк жөнелтушілерге және жүк тасымалдаушыларға жеңілдікті шарттар ұсыну мүмкіндігін қарастыруға дайын.