Визасыз режим: 173 мың Қазақстан азаматы Қытайға сапарлады

0
58

 

«Статистикаға сүйенсек, 2023 жылғы 10 қарашадан бері Қазақстанға 126 мың Қытай азаматы келген. Сондай-ақ осы уақыттан бері Қытайға 173 мың қазақстандық барған. Өзім де 2 күн бұрын Қытайға барып келдім. Ұшақтың бәрінде толған Қазақстан азаматтары. Сұрастырсаң, көбі турист. Мысалы, 1-2 ата-ананы көрдім. Олар балаларын оқыту үшін университет қарауға бара жатыр екен. Сондықтан мәдени гуманитарлық байланыс нығайып келеді. Президенттің және Сыртқы істер министрінің сапары да өте сәтті өтті деп ойлаймын», – деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның атап өтуінше, өткен жылдың 10 қарашасында күшіне енген екі ел арасындағы келісім өз нәтижесін беріп жатыр.


ПІКІР ЖАЗУ