Әділдік және өркендеу ҚҚ белсенділері Ақтөбедегі су тасқынынан зардап шеккен отбасына құрылыс материалдарын сатып алуға көмектесті

0
71

Ақтөбе облысында Магаджан бөгетінің бұзылуына байланысты Алға ауданының ауыл тұрғындарының үйлері су астында қалды. Судың қатты ағыны Алғалиевтер отбасының тұрғын үйі мен шаруашылық құрылыстарын қиратып, зақымдағвн. Жерлесімізге «Әділдік және Өркендеу» республикалық қоғамдық қорының Ақтөбе өңірлік филиалының белсенділері көмекке келді.

«Сәрсенғали» шаруа қожалығының су тасқынынан зардап шеккен басқарушының айтуынша, үлкен су кенеттен келіп, ауыл тұрғындарына үлкен зиян келтірген.

«Ол күнді мен ешқашан ұмытпаймын. Су әр минут сайын келіп жатты, біз қайда жүгіру керектігін және бірінші кезекте не құтқару керектігін білмедік», — деп бөлісті Сәрсенғали Алғалиев.

Қазір тілсіз жаудан құтылғанымен, Алғалиевтер отбасының үйі мен ғимараттары жарамсыз болып қалды.Үйдің қабырғалары дымқыл және жарылған, жиһаздар әбден бүлінген, едендер ісінген, бөлмелерде ылғал иісі бар.

«Әділдік және Өркендеу» қорының қоғам қайраткерлері құрылыс материалдарын сатып алуға қаражат бөліп, шарасыз фермерді қолдауға шешім қабылдады.

«Апат болған кездегі оқиғаның қаншалықты ауыр тигені сезіледі. Бүкіл әлемде сен жалғыз қалғандай және ешкімге керек еместей сезінесің. Сондықтан қиындыққа бей-жай қарамайтын адамдардың көмегі баға жетпестей болады. Мен «Әділдік және Өркендеу» қорының белсенділеріне қолдау көрсеткені үшін шын жүректен алғыс айтамын!»- деді Сәрсенғали Алғалиев.

Бұған дейін «Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорының Ақтөбе филиалының қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға бір күндік жалақыларвн жолдаған болатын. Бұдан басқа, Қордың қоғамшылдары бөгеттер салуға, жағалауды нығайту жұмыстарына, су тасқыны су басқан өңірлерге гуманитарлық көмекті жинауға және жеткізуге белсенді қатысып жатыр.


ПІКІР ЖАЗУ