Ләззат Ахатова: Билікті қарғай беру-тығырықтан шығудың шешімі емес.

0
25

Кеше тасқын болған аймақтарды аралап
жүрген Димашымызды көріп, қазақтың
бағына туған ұл аман болсыншы деп, шын
сүйініп, тілеп едік.

Бүгін Құлсары халқының
жұмыс істеп жатқан әскерлерді
тамақтандырғандарын көріп, елдің
ынтымағына, адами қасиеттердің
жоғалмағанына жаның жадырап қалады
екен.
Пәлен күннен бері “берген көмектен
жымқырып қалды, тамақ бермей қойды,
құтқарушылар келмей қойды” т.с.с.негатив
хабарлардан жанын шүберекке түйіп
отырған елдің еңсесі түсетіні жасырын емес.

Хайп деген үрдіс пайда болды, желі
белсенділерінің арасында. Жаман нәрсені,
негативті таратса, танымалдылық көбейеді
деген ой ма, блогерлер деген қауым, тіпті
кейбір БАҚ-тар да жаманат хабардан
рейтинг жасауды әдетке айналдырып алған.

Кемшілік айтылу керек, алайда
сынағанның жөні осы деп, түймедейді
түйедей етіп көрсету, титтей негатив бүкіл
халықтың жасап жатқан көмегін, адал
ниетін көлеңкелейтіні рас.

Дәл қазір биліктің дайын еместігі жөнінде
қайта-қайта езіп айта беретін, адамдардың
жеке трагедиясын көрсетіп, онсыз да
қажыған елдің одан бетер көңілін түсіретін
уақыт емес. Қызметкерлердің жұмысын
қиындатып, жалған және тексерілмеген
ақпаратты тарату да елдің үрейін ұшырып,
паникаға ұрындырады.

Блогерлердің әрқайсысы жеке картасына,
шотына елден ақша жинау да дұрыс нәрсе
емес. Фура-фура тамақ пен киімді есепсіз
жібере бергенше, тасқынға тосқауыл
жасауға дәл қазір не керек екенін, елдің
мұқтаждығын ескеріп, керек заттарын
жіберген әлдеқайда тиімді.

Әркімге мүмкіндігінше көмектескен абзал.
Төтенше жағдай орын алған елде халыққа
ескерту жасау керек, көмек сұрау үшін
қайда жүгіну керектігі туралы ақпарат беру
қажет, белгілі бір аймақтағы штабқа қалай
хабарласу керектігі туралы дерек таратып,
штабтан ресми ақпарат беру керек және
жергілікті кәсіпорындар мен бизнесті
халыққа көмектесуге барынша тарту керек.
Блогерлер мен БАҚ елге қажетті және
пайдалы ақпаратты түсіндіру арқылы
көмектесу мүмкіндігі бар.

Зарлы әнді қойып, суға кеткен үйлер мен
малдарды жариялап, зарлай бергеннен,
еріктілердің көмегін ұйымдастыруға ат
салысқаны әлдеқайда пайдалы.
Сонда сөзбен емес, іспен көмек көрсеткен
болар еді. Еріктілердің көмегін көрсету
үлгісі — апатқа қарсы күресте азаматтарды
біріктіру әрі бірлік пен төзімділік үлгісі.
Мұндай қиын кезеңде қазақстандықтар
халқымызға тән ауызбіршілікті сезінуі
керек.

Билікті қарғай беру-тығырықтан шығудың
шешімі емес. Жергілікті әкімдіктерді бұл
жағдайға дайын болмады деп тілдей
бергеннен де мүйіз шықса, осы уақытқа
дейін шығар едіч Бұндай су тасқыны
боларын білмеді дей алмаймыз, бірақ
мұндай масштабты ешкім күткен жоқ.

Мұндай үлкен апат күтпеген жерден келді.
Президент те, үкімет басшысы да ешбір
азамат немесе отбасы мемлекеттің
қамқорлығынсыз тыс қалмайды деді.
Барлығына бірдей көмек беріледі. Үйлерін
салып береді, мал-мүлкін алып береді деп
қолдауларын білдірді.
Бір-бірімізді сөзбен жей бермей, керісінше
дух беріп, сөз жүзінде емес, тірлігімізбен,
әрекетімізбен шынымен бәріміздің бірге
екенімізді көрсетейікші


ПІКІР ЖАЗУ