Иранға барған қазақстандық оқытушылар арнайы бағдарламаға қатысты – шетелдегі қазақ баспасөзі
шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.
Қазақстан қытайлықтар үшін жаңа танымал туристік бағытқа айнала бастады – «Халық газеті»
Былтыр қараша айында Қытай-Қазақстан визасыз келісімі күшіне енгеннен бері екі ел арасында туристік сапар ыңғайлы болып, қытайлық туристердің Қазақстанға туризмі қыза түсті. Қазақстан еліміз үшін жаңа танымал туристік бағытқа айнала бастады. Туристік тапсырыстар айтарлықтай өсті, деп хабарлайды қытайлық «Халық газеті»басылымы.
Аталған БАҚ-тың дерегінше, бірқатар туристік агенттік пен онлайн-туристік компаниядан алған ақпаратқа сәйкес, қытайлық туристердің Қазақстанға бару жоспары молая бастаған.
Осы жылдан бастап қытайлық туристердің Қазақстанға сапарларына тапсырыстар саны 2019 жылмен салыстырғанда 262%-ға өсті. Негізінен Үрімжі, Бейжің, Шанхай, Шэньчжэнь, Гуанчжоу, Ханчжоу, Сиань, Чэнду, Сучжоу және Циндао сияқты қалалардан әуе билеттері мен қонақүйлерге ең көп тапсырыс түскен.
«Flying Pig деректері наурыз айынан бастап Қазақстанға авиабилеттерді брондау саны айтарлықтай өскенін, Алматы, Астана, Ақтау және басқа да жерлер басты бағытқа айналғанын көрсетеді», – деп жазады қытайлық БАҚ.
Ташкенттен Алматы мен Астанаға аптасына 20 рейс орындалады – «ӨзА»
«Uzbekistan Airways» ұлттық әуе компаниясы көктемгі-жазғы ұшу кестесіне ауысуына байланысты Ташкент қаласынан Қазақстанның Алматы мен Астана қалаларына аптасына 20 рейс орындалады
Атап айтқанда, Ташкенттен Алматыға ұшатын рейстер аптасына 14 ретке дейін көбейтіледі. Жаңа рейстер дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және жұма күндері орындалады.
Ал, әуе компаниясының ұшақтары енді Ташкенттен Астанаға аптасына 6 рет ұшады. Сенбі күндері де рейстер жолға қойылған.
Сондай-ақ осы аптада «Қарақалпақстанда «Арал туризмі» апталығы өтеді» деген тақырыптағы ақпарат жарияланды.
Аталған БАҚ-тың мәліметінше, 2024 жылдың 16-19 сәуір күндері Қарақалпақстан Республикасының Нөкіс қаласы мен Мойнақ ауданында «Арал туризмі» апталығы өтпек.
Туризм комитетінің хабарлауынша, апталықта «Аралдың ізгілік елшілері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, «Арал суретшілер көзімен» шығармашылық көрмесі мен пленер және «Aral Dea Eco Race» жарысы өтеді. Сондай-ақ жас әуесқой және кәсіби суретшілердің Арал жайлы суреттері көрсетіледі.
«Сонымен қатар іс-шараға қатысушыларды «Арал балықтарынан жасалған тағамдардың 99 түрі» гастрономиялық фестивалі мен тарихи ескерткіштерге ұмытылмас саяхаттар күтіп тұр», – деп жазды «ӨзА».
Иранға барған ҚазҰУ-дың оқытушыларыарнайы бағдарламаға қатысты – Parstoday
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушылары А.Ж. Боранбаева мен Ғ.Ә. Қамбарбекова Иран еліне барған іссапарында Ұлттық телерадио бірлестігінің 4-арнасы ұйымдастырған Наурыз мерекесіне арналған «Сарзамин-и шер» (Поэзия елі) атты арнайы бағдарламаға қатысты.
Аталған басылымның келтірген мәліметіне сүйенсек, бағдарламада Наурыз мерекесін тойлайтын көптеген елдің, атап айтқанда Армения, Үндістан, Түркия, Пәкістан және Қазақстанның ирантанушы мамандары бас қосқан.
Бағдарлама барысында Қазақстанда Наурыз мерекесін тойлаудың ерекшеліктері мен Ирандағы Наурыз мерекесіне ұқсайтын тұстары жан-жақты сөз болды. Сонымен қатар Наурыз мерекесіне шашу ретінде әр елден келген ирантанушылар жуырда жарық көрген жаңа басылымдарын таныстырды. Қазақстандық ирантанушылар жақында жарық көрген Парсыша-қазақша фразеологиялық сөздік туралы баяндап берді.
Сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары Мирас Мактуб ғылыми зерттеу институтының директорымен кездескен.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушылары А.Ж. Боранбаева мен Ғ.Ә. Қамбарбекова Иран еліне іссапар барысында Тегеран университетінің профессоры, Иранның көне тілдері мен мәдениеті мамандығы бойынша доктор М.Жафари Деһақи мырзамен кездесті.
Қазақ Ұлттық университеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушылары А.Ж. Боранбаева мен Ғ.Ә. Қамбарбекова Иран еліне іссапар барысында 2024 жыл 19 наурыз күні Алламе Табатабаи университетенің докторы, Иран бейбітшілікті зерттеу қауымдастығының директоры доктор М. Тишеяр хамыммен кездескен.