Қазақстандық авиакомпаниялар геосаяси жағдайға байланысты ұшу кестесін қайта қарауда

0
32

Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті Иранның Израиль аумағындағы шабуылына байланысты қазақстандық әйе рейстері кестесінде өзгерістер болуы мүмкін екенін айтуда.

«Иран, Ирак, Иордания, Ливан, Израиль, Мысыр және Сирияның күрделі саяси жағдайына байланысты Қазақстанның авиациялық әкімшілігі қазіргі ахуалға төнген қатер дәрежесіне бағалау жүргізді. Оның қорытындысы бойынша қазақстандық авиакомпанияларға осы елдердің әуе кеңістігін пайдалану ұсынылмайды. Қазіргі уақытта қазақстандық авиакомпаниялар жоғарыда аталған елдердің әуе кеңістігін айналып өту мақсатында рейстер кестесін қайта қарауда. Компаниялар жағдайды мұқият қадағалап отыр және қажет болған жағдайда өз кестелеріне өзгерістер енгізеді», – деп хабарлады комитет.

Атап айтқанда, Air Astana әуекомпаниясының Астана-Дубай бағыты бойынша КС-205 және Алматы-Дубай бағыты бойынша КС-897 рейстері бүгін Астана уақыты бойынша сағат 15.00-де ұшады.

Qatar Airways әуекомпаниясының 13 және 14 сәуірде орындалуы жоспарланған Доха-Алматы-Доха бағыты бойынша QR-389/390 QR-391/392 рейстері белгісіз уақытқа дейін шегерілді.

«Қазіргі уақытта авиакомпания рейстерді орындау бағытын өзгерту мәселесін қарастыруда. Жолаушыларға қолданыстағы заңнамада көзделген қызметтер көрсетіледі. Жолаушылар рейстер мәртебесін ресми сайттарда немесе авиакомпаниялардың байланыс орталықтары арқылы бақылауы керек. Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – азаматтық авиация саласы үшін маңызды басымдық», – дейді комитет.


ПІКІР ЖАЗУ