Қазақстан Ресейдің өзбекке сататын мұнайын арттырып берді
Қазақстан Ресейдің өзбекке сататын мұнайын 3,5 есе арттырып берді. Ресей болса, өзі арқылы өтетін қазақ мұнайын арттырмай отыр.
«ҚазТрансОйл» 2024 жылдың бірінші тоқсанында Өзбекстанға 75 мың тонна ресейлік мұнайды транзит арқылы тасымалдады.
Түсіндіре кетер жайт, «ҚазТрансОйл» АҚ-ы – Қазақстанның магистральды мұнай құбырыныңұлттық операторы болып табылады. Ол «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ тобына кіреді және Үкімет атынан республикадағы жалпы ұзындығы 5,4 мың шақырымдық әртараптандырылған магистральдымұнай құбыры желісіне иелік етеді.
ҚТО орыс мұнайын ресейлік Омбы облысының шекарасында қабылдап алып, ары қарай Павлодар–Шымкент–Шағыр мұнай құю эстакадасы маршрутінде тасымалдайды. Шағыр станциясында ресейлік мұнай теміржол цистерналарына құйылып, көрші Өзбекстанға теміржол көлігімен жөнелтіледі.
Осылайша, компания биылғы үш айда Қазақстан территориясы арқылы Өзбекстанға жалпы көлемі75 мың тонна ресейлік мұнайды жеткізіп берді.
Енді «ҚазТрансОйл» 2024 жылдың бір ғана сәуір айында бірден 50 мың тонна ресейлік мұнайды Қазақстан аумағы арқылы өзбек еліне жөнелтудіжоспарлап отыр. Осылайша, рекорд орнатпақ.
Басқа да рекорд бар: былтырғы 2023 жылы ҚТОӨзбекстан республикасына 154,3 мың тонна ресейлік мұнайды тасымалдаған еді. Биыл ол бұл көлемді бірден 3,5 еседен көпке ұлғайтуға, сөйтіп, Мәскеуге ылан-ойран табыс әкелуге белсеніп отыр.
«2024 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ-ы магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы жалпы көлемі 550 мың тоннаға дейінгі мөлшерде Ресей мұнайын Өзбекстанға транзиттеуді қамтамасыз етуді жоспарлауда. «ҚазТрансОйл» ресейлік мұнайды ел аумағы арқылы ӨзбекстанғаҚазақстанның Энергетика министрлігі бекіткен мұнай жеткізу кестесіне сәйкес тасымалдайды», – деп түсініктеме берді компания.
Бұған қуануға болар еді, алайда Ресей өз аумағы арқылы мысалы, Германияға өткізетін қазақ мұнайын еселеп арттырып жатқан жоқ.
Алдында ҚТО-ның өзі хабарлағандай, сонау 2022 жылдың желтоқсанында «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға «Адамова застава» мұнай тапсыру пунктінің бағытында, ресейлік «Транснефть»компаниясының магистральды мұнай құбырлары жүйесі бойынша 2023 жылы 1,2 миллион тонна қазақ мұнайын тасымалдауға жылдық өтінім жолдады.
Сонда мұнайдың бұл транзиті Қазақстан мен РФүкіметтері арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы тиісті келісім шеңберінде жүзеге асырылатыны нақтыланды.
Сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға 1,2 миллион тонна қазақ мұнайын тасымалдау үшін техникалық мүмкіндіктің барын растады, мұнайды тасымалдаудың нақты көлемі мұнай компанияларының өтінімдеріне байланыстыболатынын нақтылады.
Бұл жоспар орындалмады. ҚТО-ның мәліметінше, 2023 жылы Қазақстан мұнайын Германияға осы бағыт бойынша жеткізудің жалпы көлемі небары993 мың тоннаны ғана құрады.
Бұл жоспар ең болмаса, биыл жүзеге асады деген үміт бар. Салмақты өсім байқалады.
«Германияға одан әрі жеткізу үшін «Транснефть» ЖАҚ магистральды мұнай құбыры жүйесі арқылы «Адамова застава» мұнай тапсыру пунктіне дейін тасымалданған қазақстандық мұнайдың көлемі 2024 жылдың бірінші тоқсанында 300 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылғы ұқсаскезеңдегіден 260 мың тоннаға артық», – деп хабарлады компания.
Яғни, бір айға орта есеппен 100 мың тоннадан келіп тұр. Сондай-ақ «ҚазТрансОйл» 2024 жылдың сәуір айында Германияға 120 мың тонна қазақстандық мұнай жөнелтуді жоспарлап отыр. Яғни 3,5 есе өспегенімен, әйтеуір өсім болатынға ұқсайды.
Бұған дейін сарапшылар мәлімдегендей, Ресей осы арқылы Өзбекстан нарығынан қазақстандық мұнайды ығыстырып шығаруда.
Өзбекстан Үкіметі ұлттық «Sanoat Energetika Guruhi» компаниясы арқылы биылғы жылы қазақ жерімен тасылатын Ресей мұнайының көлемін 1 миллион тоннаға дейін арттыруға ниетін жариялады. Ендеше қазақстандық мұнай өндірушілерге өзбек нарығымен қош айтыса беруіне болады.
Қазақстанға транзиттен табыс тапқанға қанағаттану қалады. Бірақ бұл табысты салмақты деуге келмейді: Ресей әлемде сұранысы азайған мұнайын Өзбекстанға тасқындатқаны үшін Қазақстанға бір жылда қымбат бір машинаның құнындай ғана ақы төлейді.
Бұдан бұрын Энергетика вице-министрі ЕрланАқкенженов мәлімдегендей, республика территориясымен және қазақстандық құбырлармен ресейлік мұнайды Өзбекстанға транзитпен тасымалдаудан елімізге жылынашамамен 1 миллион доллар түсім түсті.
Мысалы, бұл сомаға «Aston Martin Valkyrie»автомобилін сатып ала алмайсыз, ол одан төрт есе қымбат, 4 млн доллар тұрады. Жалпы, 1 миллион доллар түсім ресейлік мұнайды тасымалдайтын магистральды алып құбырларды күтіп ұстап тұру шығынын өтеуге жарауы мүмкін.
Қазақстан ресейлік мұнайды Қытайға тасымалдаудан көбірек табады: жыл сайын шамамен 170 миллион доллар түседі екен. Өйткені көлемі үлкен.
«РФ қара алтынын Қытайға тасымалдау үшін 10 жылға келісім бекітілді. Бастапқыда транзит көлемі жылына 7 миллион тоннаны құрады, қазіргі кезде 10 миллион тоннаға жеткізілді. Біздің еліміз тікелей және жанама түрде бұдан жылына 170 млн доллардай табыс табады», – деді энергетика вице-министрі.