Су тасқынынан 9761 бас мал қырылды – министр

0
70

Су басқан өңірлерде мал шығыны өтеле бастады.

«Мал шығыны мен төлемақыға қатысты түрлі ақпарат тарап жатыр. Әр өңірде жедел штаб құрылған, олар жұмыс істеуде. Тасқын су аумағынан 138 800 бас мал құтқарылды. Одан бөлек, 9 761 бас мал қырылды, өлекселердің 98%-ы жойылды. Қырылған мал шығынын өтеудің алгоритмі бар, құжаты бар мал шығыны бюджет есебінен өтеледі. Ал құжаты жоқ, тіркелмеген мал шығындары қордың, демеушілердің есебінен өтеледі. Бүгінде 4 801 бас мал шығыны өтелді, бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр», – деді Ауыл шаруашылығы министрі Айдар Сапаров Үкімет отырысынан кейін өткен брифингіде.

Министрдің мәліметінше, 4 801 бас мал шығынын өтеуге 1 млрд 198 млн теңге бөлінген.

Бұған дейін су тасқыны елді мекендерге көп қоқыс әкелгенін, салдарынан өрт шығу қаупі артқанын жазған едік.


ПІКІР ЖАЗУ