Су тасқынынан 9761 бас мал қырылды – министр

10.05.2024
17:26
0
122
Су басқан өңірлерде мал шығыны өтеле бастады.
Министрдің мәліметінше, 4 801 бас мал шығынын өтеуге 1 млрд 198 млн теңге бөлінген. Бұған дейін су тасқыны елді мекендерге көп қоқыс әкелгенін, салдарынан өрт шығу қаупі артқанын жазған едік.«Мал шығыны мен төлемақыға қатысты түрлі ақпарат тарап жатыр. Әр өңірде жедел штаб құрылған, олар жұмыс істеуде. Тасқын су аумағынан 138 800 бас мал құтқарылды. Одан бөлек, 9 761 бас мал қырылды, өлекселердің 98%-ы жойылды. Қырылған мал шығынын өтеудің алгоритмі бар, құжаты бар мал шығыны бюджет есебінен өтеледі. Ал құжаты жоқ, тіркелмеген мал шығындары қордың, демеушілердің есебінен өтеледі. Бүгінде 4 801 бас мал шығыны өтелді, бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр», - деді Ауыл шаруашылығы министрі Айдар Сапаров Үкімет отырысынан кейін өткен брифингіде.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

13.07.2025
13:27
Мейрамбек Бесбаев Мальдив аралдарында демалып ж...

13.07.2025
12:57
Қабатовтың «екінші әйелінің» мәлімдемесі тарады

13.07.2025
12:21
Раймның бұрынғы сүйіктісі ұзатылды

12.07.2025
17:14
Үндістандағы ұшақ апатының нақты себебі анықталды

12.07.2025
16:08
"Бәрінен шаршадым...". Аша Матай күтпеген мәлім...

12.07.2025
15:04
Түркістан облысында 9-сынып оқушысын төрт адам ...