Қазақстан бұрынғы уақыт белдеуіне оралуы мүмкін бе?

0
73

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Мәжіліс кулуарында бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петицияға қатысты пікір білдірді.

Қазақстанда бірыңғай уақыт уақыт белдеуіне қарсы петиция жарияланды. Қайрат Төребаевтың сөзінше, егер де бұл петиция 50 мыңнан астам дауыс жинайтын болса, үкімет оны қарастыруы мүмкін.

«Регламентке сәйкес біз ең алдымен петицияның нәтижесін күтуіміз қажет. Одан кейін мұны жұмысқа аламыз. Бүгінде бұл туралы айту ерте. Қазір министерліктің осыған қатысты ұстанымын айтуға болмайды. Әзірге басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп қабылданған ресми позицияны ұстанып отырмыз.  Бұл мәселеге петиция аяқталған соң ораламыз, білуімше, ол заңды түрде осы жылдың желтоқсанына дейін аяқталуы тиіс», – деді спикер.

 


ПІКІР ЖАЗУ