Су тасқыны: Ақтөбеде шағын және орта бизнес шығыны 3 млрд теңгеге жетті

16.05.2024
07:05
0
108
Ақтөбе облысы бойынша су тасқыны кезінде 170 шағын және орта бизнес субъектісіне шығын келді. Алдын ала есеп бойынша шығын көлемі – 3 млрд теңге.
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, су тасқынынан зардап шеккен 170 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бар. Оған қоса бизнестің басқа салаларында 79 субъекті анықталған.
- Комиссия Ақтөбе қаласы бойынша 49 шағын және орта бизнес нысанын қарап шықты. Аралап, тексеруден соң алдын ала шығын көлемі 1 млрд теңгеден астам қаржыны құрайтыны белгілі болды. Оның ішінде Алматы ауданы бойынша 43 бизнес субъектісі, Астана ауданында 6 субъект бар екені анықталды. Бұл сандар әлі де өзгереді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласына жататын субъектілер үшін жаңа заңнамалық қағидалар бекітіліп жатыр Шығындарды өтеу бойынша шешімді облыс әкімінің тапсырмасымен құрылған Аймақтық комиссия шығарады. Су тасқыны кезінде бизнесі зардап шеккен кәсіпкерлер биыл 30 қарашасыға дейін шығынды өтеп алу туралы өтініш бере алады, - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

03.07.2025
01:12
Семейде 3 шілде күні бірнеше көше жарықсыз қалады

02.07.2025
21:07
Ар-ұждан үшін өмір сүрдім, енді өзім үшін өмір ...
02.07.2025
19:23
Меруерт Түсіпбаева никаб мәселесін көтерді

02.07.2025
18:08
Алла берген өнеріңді тоқтатпа – Төреғали Төреәл...

02.07.2025
17:55
Гүлзира Айдарбекова: Қайратты 6 мың халық күтіп...

02.07.2025
17:38
Иттер талаған 10 жастағы баланың жағдайы белгіл...