Елде жекешелендірудің үшінші толқыны басталады

0
69

Бұл жұмыстардың мақсаты – экономикадағы мемлекеттің үлесін қысқарту.

Осыған байланысты мемлекеттің және квазисектордың иелігіндегі бірқатар компаниялар, бәсекелестік ортаға жіберіледі.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровтың сөзінше, сауда-саттыққа шығарылатын нысандардың тізбесі жасалынған. Алайда жекешелендіру кезінде мемлекет мүддесі ескеріліп, стратегиялық ұйымдардағы мемлекеттің бақылау үлестерін сақтап қалу шаралары қарастырылған. Активтерді сату үдерісі арнайы комиссиямен бақылауға алынып, жұртшылыққа ақпарат жарияланып отырады.

Марат Омаров, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы: – Жекешелендірудің ашықтығы қамтамасыз етіледі. Оның әділ әрі заңды өтуін арнайы комиссия бақылайды. Бұл комиссия таяуда өз жұмысын бастайды. Оның құрамына қоғам белсенділері, құқық қорғау органдарының өкілдері, Қаржы министрлігінің мамандары мен Самұрық-Қазына компаниясының өкілдері кіреді. Оларға ешқандай жалақы төленбейді. Комиссияның жұмысына қаржы шығындалмайды.


ПІКІР ЖАЗУ