Президент Әкімшілігінің Басшысы Маңғыстау облысының жаңа әкімін таныстырды

0
75

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Президент Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай Маңғыстау облысының барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының жиналысына қатысу үшін Ақтау қаласына жұмыс сапарымен барды.

Кездесу барысында Айбек Дәдебай депутаттарға Маңғыстау облысының әкімі лауазымына Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай мен Ұлықбек Серікұлы Тналиевтің кандидатурасын ұсыну туралы Президенттің хатын оқып берді.

Ашық дауыс беру нәтижесінде 96 депутат Нұрдәулет Қилыбайдың, 17 депутат Ұлықбек Тналиевтің кандидатурасын қолдап дауыс берді. Жиналысқа барлығы 113 депутат қатысты.

 


ПІКІР ЖАЗУ