Айбек Дәдебай өңір активіне жаңа әкімді таныстырып, Нұрдәулет Қилыбай осы аймақтың тумасы және облыста түрлі басшылық қызметтерді атқарған тәжірибелі маман екенін атап өтті

18.05.2024
11:08
0
206
Айбек Дәдебай өңір активіне жаңа әкімді таныстырып, Нұрдәулет Қилыбай осы аймақтың тумасы және облыста түрлі басшылық қызметтерді атқарған тәжірибелі маман екенін атап өтті
Сонымен қатар Президент жүктеген міндеттерді сапалы әрі уақытылы орындау қажет екеніне назар аударды.
– Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен атқарылған жұмыстардың нәтижесінде соңғы 5 жылда өңірге 3,6 триллион теңгеден астам инвестиция тартылған. Бұл – жаңа жұмыс орындары мен экономикалық өсім. Алдағы уақытта аталған көрсеткішті еселей түсуіміз керек. Бүгінде облыста Президенттің тапсырмасына сай ондаған жаңа әлеуметтік нысанның құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 22 мың оқушыға арналған 21 мектептің құрылысы басталып кетті. Бұл – халық саны жағынан өсімі жақсы Маңғыстау облысы үшін аса қажетті шаралар. Өңір басшылығына Президент тарапынан маңызды міндеттер жүктеліп отыр, – деді Президент Әкімшілігінің Басшысы.
Айбек Дәдебайдың айтуынша, Маңғыстау облысының әкімдігіне инвестициялық ахуалды жақсарту, жаңа өндіріс орындарын ашу, көлік-логистика және туристік әлеуетті барынша дамыту, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды жаңғырту, экологиялық мәселелерді шешу, құрылыс саласын ретке келтіру міндеттері жүктеледі.
Кездесу соңында Айбек Дәдебай Нұрдәулет Қилыбайға облыс тұрғындарының игілігі үшін Президент жүктеген барлық міндетті орындау жолында табыс тілеп, аймақтың бұрынғы басшысы Нұрлан Ноғаевқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтты
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

01.07.2025
20:53
Димаштың інісі Мансұр Құдайберген де өнерге бет...

01.07.2025
20:04
Биыл Yandex Qazaqstan 3 млрд теңге салық пен әл...

01.07.2025
19:59
Жұлдыз Әбдікәрімова жүйкесі тоза бастағанын айтты

01.07.2025
17:48
«Әжелер сияқты»: Тәуекел Мүсілімнің жұбайы сынғ...

01.07.2025
17:23
Аты аңызға айналған дипломат Генри Киссинджер Т...

01.07.2025
17:21
Германияда енесінің қолынан қатігездікпен өлген...