Қазақстандықтар үйіне күн батареяларын орнатып, электр қуатын сата алады

0
79

Сенаторлардың сөзінше, Қазақстан 2050 жылға дейін өндіретін энергияның жартысын баламалы және жаңартылатын қуат көзіне айналдыру керек. Қазір бұл көрсеткіш – небәрі 6 пайыз. Сенаторлар салаға серпін беретін жаңа заңды мақұлдады.

Құжатта нетто-тұтынушы ұғымы енгізілді. Яғни жеке тұлға үйін энергиямен қамтып, артылған қуатты сата алады. Ол үшін кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті емес. Мұндай жеңілдік тек жаңартылатын энергия көздерін өндірушілерге беріледі.

«Жеке тұлғалар үйінің үстіне жеке күн электр станциясын койып, өз шығынын азайту біріншіден. Екіншіден, артық болса жүйеге сату, соны қолдау.

Әлемдік тұрғыда талқыланып жатқан нәрсе.

Тариф өсіп жатыр ғой, сондықтан жеке тұлғалар, шағын бизнес өз шығындарын азайту үшін осындай мүмкіндік болсын деген бастама», – дейді энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов.

 


ПІКІР ЖАЗУ