Хауа ана Адам атаның бірінші әйелі емес - Тарихшы

07.06.2024
10:12
0
666
Еврейлердің "Көне өсиет" атты қасиетті кітабында құдай Адам мен қатар Лилит атты әйелді де жаратқаны айтылады.. Лилитті еркектің қабырғасынан жаратпаған.
Еврей жұртының "Дүние жаратылған соң 6-күні Құдай ер мен әйелді өзі секілді етіп, бір мезгілде жаратты" деп басталатын сол кітабында "Хауа ананы Адам атаның қабырғасынан жаратты" дейтін жері де бар.. Хауа анамыз Адам атамыздың қабырғасынан жаратылса, екеуі бір мезгілде жаратылуы мүмкін емес қой.. Әлгі кітапқа сенсек, пұшпағы қанамаған Лилит Адам атаға - Екеуміз бір сәтте бірге жаратылдық. Сондықтан екеуміздің құқымыз бірдей! - деп, ерімен жағаласа бергені көрінеді.. Сол қылығы үшін Жаратқан иеміз Лилитті қуып, Адам атамызға қабырғасынан Хауа анамызды жаратып берген дейді. Неге екені белгісіз, кейін түскен Қасиетті кітаптарда Лилиттің есімі түгілі, Адам атамыздың өмірінде өзге әйелдің болғаны да айтылмайды.. Ал әлгі аңызға сенсек, Адамнан ажырасқан Лилит қалған өмірін Адам ата мен Хауа анамыздың аяқтарынан шалып, орталарына от тастап, кесірін тигізумен өткізіп, "бедеулік пен мекерліктің" символына айналған деседі.. Қалай болғанда Ұлы Микеланджело Сикст капелласына салған фрескаларында Лилитті әйел басты, жылан құйрықты етіп бейнелеген.. Мынау заңға түрлі себеппен еркексіз қалған әйелдер қуанышты екенін аңғарған шығарсыздар. Кейбірі өздері секілді бақытсыз әйелдердің көп болғанын қаласа, екінші біреулері басы бос еркектердің көп болғанын қалайды.. Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫЗдесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

14.07.2025
20:29
Сара Тоқтамысова неге өнер көрсетпейтінін айтты

14.07.2025
19:20
Мөлдір Мұқанова: Қайрат Нұртастың қызы – менің ...

14.07.2025
17:22
Нұрлан Еспанов келінінен ұялып жүргенін айтты

14.07.2025
16:58
«Кешірші жан»: Ерке Есмахан күйеуінің ел білмей...

14.07.2025
16:55
«Көзге шөп салады»: Танымал әзілкеш үш баламен ...

14.07.2025
16:09
Балалар үйінен шыққан әйел 2 ұлын киім үшін сат...