Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
Екіжақты келіссөздерден кейін Мемлекет басшысы мен Корея Республикасының Президенті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасады,-деп хабарлайды politico.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, шақыруын қабыл алып, сапармен келгені үшін Президент Юн Сок Ёльге шынайы ризашылығын білдірді және бұл күнді қазақ-корей достығы жылнамасындағы айтулы оқиға деуге толық негіз бар екенін айтты.
– Біз Корея басшысының осы мемлекеттік сапарына айрықша мән береміз. Бұл екіжақты қарым-қатынастың деңгейі жоғары екенін көрсетеді. Мен елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты жоғары бағалаймын. Бүгін біз кеңейтілген стратегиялық әріптестігімізді одан әрі дамытуға уағдаластық. Өзара ықпалдастықтың жаңа бағыттарын айқындадық. Ең бастысы, бір-бірімізге әрқашан тілеулес екенімізді таныттық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.