Тележүргізуші 17 жыл құлдықта болған апалы-сіңлілердің қазіргі жағдайы туралы айтты (ВИДЕО)

0
769

Белгілі тележүргізуші Руслан Өтепбай 17 жыл құлдықта болған апалы-сіңлілі Құндыз бен Назгүлдің үйіне барып, көпшіліктің атынан Құндызды туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды politico.kz Skifnews.kz порталына сілтеме жасап.

Ол бұл туралы желідегі парақшасында арнайы видео жариялады.

«Ардақты ағайын, барлық қазақ елінің атынан Құндызды туған күнімен құттықтап қайттым. Апалы-сіңлінің жағдайлары жақсы. Шаштары өсіп кетіпті, енді қайтадан сәндеу үшін салонға апарамыз. Қос қыз сіздерге де сәлем жолдауда», – деп жазды журналист.

Ал желі қолданушылар болса, екі қызды туған күнімен құттықтап, ақ тілектерін жаудырды.

Фотоколлаж: Sn.kz



ПІКІР ЖАЗУ