«Өмір қысқа»: Әнші Ерке Есмахан жағымсыз пікірлерге жауап берді

0
1521

Танымал эстрада әншісі Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандары қойған сұрақтарға жауап беріп, өзіне жазылатын жағымсыз пікірлер туралы айтты.

«Хейт болсын, онсыз қызық емес қой және көз тимейді. Ол адам менің күнәларымды алып кетеді. Пайда! Жаманнан жақсы сөз көп негізі. Менің көзім тек әдемілікті, жақсылықты, махаббатты көреді. Біреу не дейді, не жазды дегенге мән бермеңіздер. Өйткені өмір қысқа, уақыт аз. Ғаламның ғажаптарын сезінуге ұмтылыңыздар», – деді әнші Instagram-дағы парақшасында. Сонымен бірге өнер иесі қазіргі таңда неліктен тойға шықпай жүргенін айтты. «Сұраныс өте көп, анда-санда болмаса, зауқым жоқ. Кезінде Құдайдың құтты күні той тойлатқанмын», – деді әнші.


ПІКІР ЖАЗУ