Министр Telegram негізін қалаған Дуровты Қазақстанға шақырды

0
56

 

Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Telegram мессенжерінің негізін қалаған Павел Дуровпен бірге жұмыс істеуге ниетті,-деп хабарлайды politico.kz

«Павелдің Орталық Азияға келгенін, Ыстықкөлге барғанын білемін. Мен оның тікелей жұмыс істейтін командасымен таныспын, Павел Дуровтың өзімен танысып үлгермедім. Дегенмен, біздің шақыртуымыз оған жеткізілді деп естідім. Алдағы уақытта ол Қазақстанға да келеді деп үміттенемін. Оған жеке өзім күш-жігерімді саламын. Талқылайтын тақырып көп, бірлескен зертханаларды іске қосқымыз келеді», – деді Ж. Мәдиев.

 


ПІКІР ЖАЗУ