Енді 2 жыл коллектор сізді мазаламайды. Алаяққа алдансаңыз, несиеңіз кешіріледі

0
73

 

Тоқаев заңға қол қойды. 

Елдің қарызы көбейіп кетпеу үшін бірқатар ережелер енгізілді,-деп хабарлайды politico.kz  

90 күннен асқан берешегі бар азаматтарға тұтынушылық несие беруге тыйым салынады. Алайда қарызды қайта қаржыландыруға бұл тыйым жүрмейді.

Әскери қызметшілер мерзімді әскери қызметін өткеру кезінде және демобилизациядан кейін 60 күн ішінде алған қарызына өсімпұл есептелмейді.

2026 жылғы 1 мамырға дейін банктер мен микроқаржы ұйымдарына азаматтардың қарызын коллекторлық агенттіктерге беруге тыйым салынды. 

2026 жылғы 1 мамырдан бастап коллекторлық агенттіктерге қойылатын талап шарттары қатаңдатылады. 

2026 жылғы 1 мамырдан бастап, несие алушы берешегін 24 ай кешіктіресе ғана істі коллекторларға беруге болады.

Банк омбудсманы пайда болады. (Бұған дейін ол тек ипотекалық шарттарға қатысты дауларды қарайтын). Енді құзіреті кеңейді. Қарыз алушы омбудсмандармен келіскен жағдайда, шешімдерді қаржы ұйымдары орындауға міндетті.

Омбудсмандар халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын борышкердың өтініштерін қараған кезде кепілге алынған жылжымайтын мүлікті өндіріп алуға тыйым салынады. 

Сондай-ақ осы санатқа жататын азаматтар бұған дейін міндеттемені орындамағанына байланысты банк балансына өтіп кеткен жалдамалы баспанасын сатып алуға құқылы.

Кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларды және 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдарды жылыту маусымында жалғыз баспанасынан мәжбүрлеп шығаруға тыйым салынады.

Азаматтардың банкроттық рәсіміне өтініш беру тәртібі жеңілдетілді.

Алаяқтық әрекеттерге жол бермеу үшін онлайн қарыздар бойынша міндетті түрде биометриялық сәйкестендіру енгізілді. 

Алаяқтардың ықпалымен рәсімделгенін дәлелдейтін сот актілері бар берешектер Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап кешіріледі.


ПІКІР ЖАЗУ