Қазақстан атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануға дайын ба

0
65

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдануға қатысты пікір білдірді,-деп хабарлайды politico.kz

«Еліміз үшін жаңа бағыттардың ішінен біз атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы, оның ішінде энергетикалық емес қолдану бағытындағы жаңа жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастыққа ашықпыз. Мұнда ШЫҰ елдерінің тәжірибесі ерекше пайдалы. Бұдан басқа, көмірді терең өңдеу (көмір химиясы), энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бағыттары бойынша технологияларды дамыту мен инновациялық жобаларды қаржыландыру маңызды», – деді Алмасадам Сәтқалиев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Энергетика министрлерінің төртінші кеңесінде.

Сондай-ақ министр Үндістан және Пәкістан елінің тәжірибесін басшылыққа алып, өзара іс-қимылды күшейтуге басымдық берілетінін айтты.


ПІКІР ЖАЗУ