750 мың адамның мәртебесін анықтау жұмысы жүргізіліп жатыр – Тамара Дүйсенова

0
68

750 мың адамның мәртебесін анықтау жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова айтты,-деп хабарлайды politico.kz

«Бүгінгі таңда 3 млн-нан астам азамат міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандырылмаған. Осыған қатысты Үкіметте штаб құрылғанын білеміз. Өзіңіз сол штабты басқарасыз. Осы проблеманы шешу мәселесін қалай қарастырып жатырсыздар?», – деп сұраған еді Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова вице-премьерден.

Үкімет басшысының орынбасары барлық өңірде құрылған штаб 3 млн адамның мәртебесін анықтайтындығын айтты.

«Егер олар әлеуметтік әлжуаз азаматтардың қатарына қосылса, онда оларға мемлекет тарапынан қажетті жарналар төленуі керек. Ал егер өздері жұмыс істейтін азаматтар болса, онда олар жарналарын өздері төлеуі тиіс» деген мәселені қарастырып жатырмыз. Бүгінгі таңда 130 мың адамның мәртебесі анықталды. Қазір 750 мың адамның мәртебесін анықтау жұмысы жүргізілуде. Жыл соңында осы мәселеге орай өздеріңізге қажетті ақпарат береміз», – деді Тамара Дүйсенова.


ПІКІР ЖАЗУ