Трамп Байденмен дебатта 26 рет өтірік айтқан

0
54

Көптеген сарапшылар, Президент Байден сайлаудағы басты қарсыласы Трамппен бірінші дебатында жеңіліс тапты деп санайды,-деп хабарлайды politico.kz

Сарапшылардың пайымынша, Джо мырза дебат үстінде не ойын жинақтай алмады, не сөз таба алмады.

Мысалы, жүргізуші одан абортқа тыйым салу мәселесіне қатысты сұрақ қойды. Бұл Демократиялық партия үшін ең қолайлы тақырыптың бірі. Өйткені Трамп әйелдердің жасанды түсік жасатуына қатаң тыйым салуды жақтайды. Сондықтан Байден демократиялық мемлекетте әр адам өз өмірін қалай ұйымдастырам десе де құқылы екенін айтудың орнына, миграция тақырыбына тез ауысып кеткен. Ал америкалықтар Байденнің кезінде заңсыз миграцияның шектен тыс белең алғанына наразы. Трамп болса, заңсыз мигранттармен қатал күресуге ниетті. Байден соның бақшасына су құйып бергендей болды.

Дебаттан соң Байден журналистердің бірнеше сұрағына жауап берді. Сонда

«Өтірікшімен дауласу қиын. New York Times Трамптың осы жолы 26 рет өтірік айтқанын есептеп шықты», – деп қысқа қайырды.


ПІКІР ЖАЗУ