Трамп Байденмен дебатта 26 рет өтірік айтқан

01.07.2024
19:46
0
123
Көптеген сарапшылар, Президент Байден сайлаудағы басты қарсыласы Трамппен бірінші дебатында жеңіліс тапты деп санайды,-деп хабарлайды politico.kz
Сарапшылардың пайымынша, Джо мырза дебат үстінде не ойын жинақтай алмады, не сөз таба алмады. Мысалы, жүргізуші одан абортқа тыйым салу мәселесіне қатысты сұрақ қойды. Бұл Демократиялық партия үшін ең қолайлы тақырыптың бірі. Өйткені Трамп әйелдердің жасанды түсік жасатуына қатаң тыйым салуды жақтайды. Сондықтан Байден демократиялық мемлекетте әр адам өз өмірін қалай ұйымдастырам десе де құқылы екенін айтудың орнына, миграция тақырыбына тез ауысып кеткен. Ал америкалықтар Байденнің кезінде заңсыз миграцияның шектен тыс белең алғанына наразы. Трамп болса, заңсыз мигранттармен қатал күресуге ниетті. Байден соның бақшасына су құйып бергендей болды. Дебаттан соң Байден журналистердің бірнеше сұрағына жауап берді. Сонда «Өтірікшімен дауласу қиын. New York Times Трамптың осы жолы 26 рет өтірік айтқанын есептеп шықты", – деп қысқа қайырды.Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

03.07.2025
21:11
Актриса Құралай Анарбекова қалыңдық атанды

03.07.2025
20:03
Баян Алагөзова мен Динара Сатжан Түркияда қалай...

03.07.2025
17:52
Өгей қызын зорлаған ер адам 23 жылға сотталды

03.07.2025
17:48
Вайнер Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты

03.07.2025
16:49
Баян ба, қоян ба, маған бәрібір – Меруерт Түсіп...

03.07.2025
16:28
Ұшақ апатынан борттағы бар адам ажал құшты