«455 мыңға билет алдым»: Гүлзира Айдарбекова ұшақта шу шығарды

0
576

Танымал продюсер, кәсіпкер Гүлзира Айдарбекова ұшақта шу шығарып, бордсерікпен ұрысып қалды.

Шоу-бизнес өкілі Оңтүстік Кореяда бір аптадай іс-сапарда болып келді.

“Елге ұшып келемін. Отбасымызға аман-есен оралайық! Қатты қуанып келе жатырмын. Елге сағынып жетемін. Қыдырған жақсы, үйің болған одан да жақсы. Ұшақта адам аз екен. Жаңа ұйықтаймын деп отыр едім. Бордсерік қызбен ұрысып қалдым. Неге дейсіздер ме? Мен одан екі түрлі дәм сұрадым. Бірі – сиыр еті, екіншісі ащы «чикен». «Бізде ол қалмады, бітіп қалды деп тұр. Ұшақта адам аз. Қалай бітіп қалады?! Түсініксіз. Біз не үшін бизнес класпен ұшамыз?! Қазақстанда да осындай мәселе алдыңнан шыға береді. Негізі аш та емеспін. Өйткені үйге барған сайын келіндерім сүрленген етін асып, күтіп алады. Сонда да бұлардың тірліктеріне таңғалдым, ашуландым. Ақшаны алғанда бәледей өздері. Осы ұшаққа мысалы үшін, 455 мыңға билет алдым. Енді соны қалайша реттемейді бұлар?! Сол ақшаның ішіне тамақты неге кіргізбейді? Бұлардыкі мүлдем дұрыс емес», – деп ренжіді продюсер.

Өнер өкілінің айтуынша, кейін кореялық бордсерік қыздар кешірім сұрап, жағдайды реттеген.

“Сөзімді түсініп, кешірім сұрады. Негізі тәкаппарлық жоқ екен. Иіліп тұратындары ұнайды. Мейлі, ештеңе етпейді енді. Бірақ сонда да бұлардікі дұрыс емес», – деп жазды Гүлзира Үсенқызы.


ПІКІР ЖАЗУ