Астанада Садықовтың сүйегін Ақтөбеге жеткізуді талап етпек болған белсендіні полицияға апарды

03.07.2024
14:07
0
127
2 шілдеде Астанада белсенді Орынбасар Жәнібек өзін полиция бөлімшесіне апарғанын хабарлады. Оны "профилактикалық әңгімеден" кейін босатқан. Белсенді бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында айтты,-деп хабарлайды politico.kz
Ол кеше, 2 шілдеде WhatsApp-тағы чатта түстен кейін Қазақстан президентінен Киевте көз жұмған оппозиция белсендісі Айдос Садықовтың сүйегін Украинадан туған жері Ақтөбеге алып келіп, ақтық сапарға құрметпен шығарып салуды талап ететінін жазған. Біраз уақыттан кейін Жәнібек жеке шаруасымен Халыққа қызмет көрсету орталығына барғанда оны арнайы жасақ ұстап әкеткен."Бір адам қоңырау шалып, өзін Бауыржан деп таныстырды, Марат құдамның үйінде танысқанымызды айтты. Ол "үндеу жасайын деп жатыр екенсіз, мен де бірге жасайын деп едім, қай жердесіз?" деп сұрады. Бес минуттан кейін майор мен тағы бір адам келді. Үндеу туралы сұрады, ол менің конституциялық құқығым екенін айттым. 10-15 минуттан кейін автозакпен қара киімді арнайы жасақ келіп, мені Есіл аудандық полиция басқармасына апарды" деді Жәнібек
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

13.07.2025
12:57
Қабатовтың «екінші әйелінің» мәлімдемесі тарады

13.07.2025
12:21
Раймның бұрынғы сүйіктісі ұзатылды

12.07.2025
17:14
Үндістандағы ұшақ апатының нақты себебі анықталды

12.07.2025
16:08
"Бәрінен шаршадым...". Аша Матай күтпеген мәлім...

12.07.2025
15:04
Түркістан облысында 9-сынып оқушысын төрт адам ...

12.07.2025
13:37
Қарағанды облысында 14 жастағы қыз 36 жастағы е...