Сот Қайрат Боранбаевтың әйелінің тәркіленген мүлікті бөлісу туралы арызын қанағаттандырмады

0
68

Алматының Медеу аудандық соты Қайрат Боранбаевтың әйелі Шолпанға тәркіленген мүлікті бөліп беруден бас тартты,-деп хабарлайды politico.kz

Жоғарғы сот порталындағы сот кабинетінде жарияланған іс материалдарында Шолпан Боранбаеваның Қайрат Боранбаевқа Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында орналасқан ортақ мүлік – үй-жай мен жер учаскесін бөлісу туралы талап арызбен сотқа жүгінгені туралы айтылады. Құжатта мүлік олардың ортақ меншігі болып саналатыны, сондықтан талапкер заттай үлестің 50 пайызын бөлісуді сұраған. Алайда істі сот талқылауына дайындау барысында бұл мүлік Астана қалалық сотының үкімімен мемлекет пайдасына тәркіленгені белгілі болды. Ал 1 шілдеде Медеу аудандық соты талап арыз бойынша шешім шығарды.

«Шолпан Боранбаеваның Қайрат Советайұлына заттай үлестің 50 пайызын бөлу жолымен ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлісу туралы талабын қанағаттандырудан бас тартылсын. Сот шешіміне апелляциялық шағымдар берілуі мүмкін», – делінген сот шешімінде.


ПІКІР ЖАЗУ