Қайрат Нұртас 5 жылға сотталуы мүмкін

0
73

Жақында әнші Қайрат Нұртас Алматыдан Астанаға ұшатын ұшақ бортында төбелес шығарған, деп хабарлайды politico.kz.

Төбелестің нәтижесінде басқа жолаушының денсаулығына жеңіл зиян келтірілді.

Жәбірленушінің аты-жөні Асылбек Бекқайыров.

Әуе кемесінің командирі полицияның көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері екі адамды да бөлімшеге алып барды. Онда музыкантқа екі әкімшілік құқық бұзушылық рәсімделді: денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және қайта жасалған ұсақ бұзақылық туралы хаттама.

Асылбек Бекқайыровқа да хаттама жасалды. Екі құқық бұзушылық үшін әнші 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды.

Құқық қорғау органдары Қайрат Нұртасқа қатысты Қылмыстық кодекстің 293 – бабының 2-бөлігі – «әуе кемесінің бортында жасалған бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді.


ПІКІР ЖАЗУ