Қайрат Нұртастың үстінен іс қозғалды

05.07.2024
13:00
0
155
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртастың басы дауға қалды. Желіде өнер иесінің үстінен іс қозғалды деген ақпарат тарап жатыр. Бұл деректі Көліктегі полиция департаменті растады,-деп хабарлайды politico.kz
Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, қазақстандық эстрада жұлдызы ұшақта бұзақылық жасаған. "Алматы-Астана" әуе рейсінің бортында ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды және материалдар сотқа қарау үшін жіберілді", - деп түсіндірді департаменттегілер. Айта кетейік, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабы бойынша денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қарастырылған.Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

03.07.2025
21:11
Актриса Құралай Анарбекова қалыңдық атанды

03.07.2025
20:03
Баян Алагөзова мен Динара Сатжан Түркияда қалай...

03.07.2025
17:52
Өгей қызын зорлаған ер адам 23 жылға сотталды

03.07.2025
17:48
Вайнер Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты

03.07.2025
16:49
Баян ба, қоян ба, маған бәрібір – Меруерт Түсіп...

03.07.2025
16:28
Ұшақ апатынан борттағы бар адам ажал құшты