Орал қаласының әкімі қызметінен кетті
Орал қаласының әкімі Миржан Мұнайдарұлы Сатқанов қызметінен кетті. Бұл туралы экс-әкім Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Politico.kz.
Миржан Сатқанов қала басшысы қызметін екі жылдан астам уақыт бойы атқарды.
«Денсаулығым сыр беріп, қызметтен бұдан бұрын кетуді ойлап жүргенмін. Алайда көктемде қаламызда су тасқыны болып, мұндай қиын кезеңде жұмыстан шыға алмадым. Осылайша, өз міндеттерімді әріптестеріммен бірге жалғастыра бердім. Біз барша оралдықтармен бірге үлкен жұмыс ісдедік деп ойлаймын. Тек көктемгі су тасқынымен күресіп, оның салдарымен айналысқан кезде ғана емес, сонымен бірге 2 жыл бойы сүйікті қаламызды одан ары көркейтуге тырыстық. Бұл – туған жеріне жанашыр әр азаматтың өлшеусіз еңбегі. Қазір барлық салада жұмыс жолға қойылған. Жаңадан тағайындалатын қала әкімі өңірдегі жағдайды жедел түсініп, жұмысты жүйелі жалғастыратынына, ал болашақта шаһарымыз үшін жаңа жобаларға бастамашы болатынына сенемін», – деп жазды М.Сатқанов.
Айта кетейік, Миржан Сатқанов Орал қаласының әкімі болып 2022 жылы 26 сәуірде тағайындалған.