«Уәде қайда?»: белгілі әнші Төреғали Төреәліні бір жыл күткен

0
1360

Отандық танымал сазгер Диана Исмайыл эстрада жұлдызы Төреғали Төреәлімен бірге жазған дуэті туралы бар шындықты айтты. Бұл туралы Politico.kz тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Ұлы дала баласы» Диана Исмайылға өзі ұсыныс жасағанымен, аталмыш ән бір жыл бойы жазылмай тұрған. Сазгер ару эстрада жұлдызын күтуге мәжбүр болғанын айтты.

«Студияда осы әнді жазып бастап жатқанмын. Сол кезде Төреш менен «Мынау қандай ән?» деп сұрады. Сосын «Диана, мұны дуэт етіп жазсақ қалай болады?» деген ұсыныс айтты. Содан кейін жоқ болып кетті. Сол айтқаннан кейін хабарласқан жоқ. Мен ол кісіні бір жыл күттім.

«Уәде қайда?» деп өзім хабарластым. Сіз менімен өлең айтамын деп едіңіз ғой. Мен шығарайын енді бұл әнді. «Босқа жата бере ме?» деп соңынан жүрдім. Сөйтіп, әнді жазып, бейнеклип түсірдік», – деді Диана Исмайыл.

Фото: Видеодан скрин


ПІКІР ЖАЗУ