Ғұсман Қырғызбаев Елдос Сметовпен бесік құда екенін айтты

29.07.2024
21:10
0
681
Францияның Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында дзюдодан қола медаль жеңіп алған Ғұсман Қырғызбаев Елдос Сметов екеу бір-біріне бесік құда екенін айтып берді, деп хабарлайды politico.kz KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Елдос екеміз бір-бірімізге құдамыз. Бір күні Елдос әйел баласымен үйіме қыдырып келді. Әңгіме арасында Елдос маған «екеуміз қаншама уақыттан бері бірге күресіп, бірге келе жатырмыз. Қайда барсақ та бірге барамыз. Оқу-жаттығу жиындарына да, жарыстарға да бірге аттанамыз. Арамыздан қыл өтпестей доспыз.
Бірдеме айтсам ренжіп қалмайсың ба» деді. Көңілімде ештеңе жоқ, берден «айта бер, ренжімеймін» дедім. «Екеуміздің достығымыз мәңгілік болсын. Сенде қыз бар, менде ұл бар. Сенің қызыңа ұлымды қазақы дәстүрмен атастырғым келіп отыр. Бүгінгі достар болашақта құда-құдағи болайық» деді. Ауызым ашылып, көзім бақырайып тұрып қалдым. Ол маған «сол күнге жеткізсін демейсің ба? Мен сырғамды алып келдім» деп қызыма сырға тақты. Осылай екеуміз қазір бір-бірімізді көрсек «құдеке» деп сөйлесеміз», — деді Ғұсман Қырғызбаев.
Еске сала кетейік, кеше Қырғызбаев Париж Олимпиадасында 66 келі салмақта қола медаль жеңіп алған болатын.
Фото: olimpic.kz
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

03.07.2025
01:12
Семейде 3 шілде күні бірнеше көше жарықсыз қалады

02.07.2025
21:07
Ар-ұждан үшін өмір сүрдім, енді өзім үшін өмір ...
02.07.2025
19:23
Меруерт Түсіпбаева никаб мәселесін көтерді

02.07.2025
18:08
Алла берген өнеріңді тоқтатпа – Төреғали Төреәл...

02.07.2025
17:55
Гүлзира Айдарбекова: Қайратты 6 мың халық күтіп...

02.07.2025
17:38
Иттер талаған 10 жастағы баланың жағдайы белгіл...