«Орамалың құтты болсын»: Ақбота Керімбекова Айгүл Иманбаеваның жаңалығын жария етіп қойды

0
1816

Отандық танымал әнші Ақбота Керімбекова өнердегі әріптесі әрі құрбысы Айгүл Иманбаеваның жеке өміріндегі жаңалықтарын жария етіп қойды. Шоу-бизнес жұлдызы оны әже атануымен құттықтап, «орамалын» сөз етті, деп жазады politico.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Ақбота Керімбекова Instagram-дағы парақшасында Иманбаевамен түскен видеосын жариялап, оның өмірінде болып жатқан жаңалықтарды айтты. Әнші өнердегі құрбысына «орамалың құтты болсын» деп айтып, елді ойландырып қойды.

Сонымен қатар шоу-бизнес жұлдызы Айгүл Иманбаеваның әже атанғанын хабарлады.

«Айгөлегімді көптен көріп тұрғаным осы. Балалық шағымнан бірге өскен, ештеңеге айырбастамайтын жастық шағымыз бірге өткен құрбым құрлық асып білім алып, елге үлкен серпіліспен оралды. Жеке өміріндегі жаңалықтары да көп. Орамалың құтты болсын, ұлыңды аяқтандырдың, немере сүйіп, әже атандың. Ұлың қазір де үлкен жобалармен жұмыс жасап жатыр. Ұзағынан сүйіндірсін. Біздің үйдегі кіндік баласы Ақан Айгөлегіме ұқсаған еңбекқор, ізденімпаз. Жандарым, бәрі сәтті болсын», – деп жазды Керімбекова.

Желі қолданушылары Айгүл Иманабеваның тұрмысқа шыққанын болжап жазды.

«Күйеуге шығып жатыр ма?», «Орамалың құтты болсын дегені қалай сонда? Отбасын құрып жатыр ма?», «Керемет жаңалық. Бақытты болыңыз», «Әр әйел бақытты болуға лайықты. Орамалыңыз құтты болсын. Шын жүректен сіз үшін қуанып тұрмын. Әбден лайықсыз», – деп жазуда көпшілік.


ПІКІР ЖАЗУ