Атышулы Иман Хелиф ақыры Олимпиаданың алтынын алып тынды

0
321

Трансгендер деп айыпталған алжирлік боксшы Иман Хелиф әйелдер арасындағы 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасының чемпионы атанды.

Ол Олимпиада ойындарының финалында қытайлық Ян Люден басым түсті. Төрешілер бірауыздан жеңісті алжирлік боксшыға берді.

Айта кетейік, Иман Хелифтің Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегі мерзімінен бұрын аяқталған болатын. Өйткені итальяндық Анджела Карини жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Жартылай финалда Хелиф 5-0 есебімен тайландтық Джанджай Суваннапхенгті жеңді.

Оның Олимпиадаға қатысуының өзі саналуан пікір туындатты. Өйткені ол 2023 жылы әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында гендерлік тест сынағынан өте алмай, жарыстан шеттетілген еді.

Фото: sport24.ru



ПІКІР ЖАЗУ