Атышулы Иман Хелиф ақыры Олимпиаданың алтынын алып тынды

10.08.2024
13:55
0
526
Трансгендер деп айыпталған алжирлік боксшы Иман Хелиф әйелдер арасындағы 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасының чемпионы атанды.
Ол Олимпиада ойындарының финалында қытайлық Ян Люден басым түсті. Төрешілер бірауыздан жеңісті алжирлік боксшыға берді.
Айта кетейік, Иман Хелифтің Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегі мерзімінен бұрын аяқталған болатын. Өйткені итальяндық Анджела Карини жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.
Жартылай финалда Хелиф 5-0 есебімен тайландтық Джанджай Суваннапхенгті жеңді.
Оның Олимпиадаға қатысуының өзі саналуан пікір туындатты. Өйткені ол 2023 жылы әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында гендерлік тест сынағынан өте алмай, жарыстан шеттетілген еді.
Фото: sport24.ru
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

09.07.2025
13:25
Қостанайда былтыр күзде жоғалып кеткен 25 жаста...

09.07.2025
12:55
Президент су мамандарын кәсіби мерекесімен құтт...

09.07.2025
12:26
Президентті сынаған депуттатың мәйіті табылды

09.07.2025
12:01
"Нұрғанат суицид жасаған жоқ". Ғайыпбаевтың әпк...

09.07.2025
11:08
“Қысым жасалып жатыр”: Адвокат Мейірман Шекеев ...

09.07.2025
11:07
“Бізде де жаңалық болады”: 16 жыл бойы сәби сүю...