Дана Нұржігіт: «Кешірім сұратуды қою керек»

0
343

Отандық танымал журналист әрі тележүргізуші Дана Нұржігіт Олимпиадаға кеткен спортшылар мен бапкерлерге қатысты ойын айтты. БАҚ өкілі олардың жарыс жолында жеңіліп қалғаны үшін кешірім сұрауына түбегейлі қарсы екенін жеткізді.

Дана Нұржігіт Instagram-дағы парақшасында спортшылар мен бапкерлерге кешірім сұратуды қою керек деп үндеу жасады.

«Сыртта жүріп, қолдан келгенше еңбек еткен азаматтардың үлкен басын кішірейтіп, кешірім сұратуды қою керек. Бұл – популизм. Елге оралғанда кеткен қатені іскерлік ортада сауатты талқылау деген болады. Мынау өз азаматтарымызды тұқырту, жігерін құм қылу! Мұндайға қарсымын», – деп жазды журналист.

Айта кетейік, бұған дейін бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Олимпиададағы бокс нәтижесі үшін халықтан кешірім сұраған болатын.


ПІКІР ЖАЗУ