Ауылдан әскери комиссариатқа күштеп апарған жігіт терезеден секіріп кетті
Түркістан облысының Төлеби ауданына қарасты Тағайна ауылының 18 жастағы тұрғыны Бехруз Равшанбеков әскери комиссариаттың терезесінен секіріп кетті, деп хабарлады politico.kz.
Жігіттің айтуынша, жолда әскерилер оны көлікке күштеп отырғызып, қабылдау пунктіне апарған. Содан кейін әскерге шақырудан босату үшін ақша сұрай бастаған. Қазір әскери тергеу бөлімі әскери комиссариат қызметкерлерінің қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалануы бойынша істі тексеріп жатыр. Ал қалалық қорғаныс департаменті өзінің іскерлік беделін қорғау үшін зардап шеккен жігіттің әкесінің үстінен сотқа шағым түсірген.
Департамент шағымында Ғайнанов (жігіттің әкесі) жауапкер ретінде іскерлік бедел мен абыройға нұқсан келтірді деп айыпталып, оның сөздері шындыққа жанаспайтыны айтылған. Талап арызды Төлеби аудандық соты қабылдады. Алайда бірнеше сот отырысынан кейін департамент талап арызынан бас тартты.
Ал әскери тергеу басқармасы 3 ай бойы «қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану» бабы бойынша қозғалған істің мән-жайын тергеп жатыр.
Бекруз Равшанбеков әскерден жалтарушы ретінде іздеуде болмаған, оған шақыру қағазы мүлде келмеген. Өйткені ол кезде 18 жастағы жігіт Төлеби ауданында тұрғылықты жері бойынша әскери есепте тұрмаған.
Фото: exclusive.kz