«Ерте кететініңді білгенде…»: Абай Бегейдің келіншегі қызын қимай, жылап қалды

0
294

Қазақстандық танымал әнші Абай Бегейдің келіншегі Фариза Жұманова тұрмысқа шығайын деп жатқан қызын қимай, жылап қалды. Өнер иесінің ортаншы қызы Сымбатқа сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасады.

Фариза Жұманова отбасында қуанышты жаңалықтар болып жатқанына қарамастан, жүрегі алай-дүлей болып жүргенін жасырмады. Әншінің келіншегі Instagram-дағы парақшасында отау құрайын деп жатқан қызына деген қимастығын жеткізді. Блогер оны ойлап, тіпті кейде жолдасына көрсетпей жылап алатынын айтты.

«Неше күннен бері жүрегім алай-дүлей. Тақсырға көрсетпей жылап аламын. Симби қызым бақытты бол. Менімен танысканда 9 жасар құттай бөпе едің. Енді міне бой жетіп, өз теніңді тауып жатырсың. Аллам бақыт бергей», – деп жазды ол.

Оған қоса Фариза Жұманова қызы екеуінің алмасқан хабарламаларын да көрсетті.

«Апа, сізді қалай жақсы көретінімді білсеңіз ғой. Сізге мәңгі қарыздармын. Бірдеңе болса, сізге барымды беруге дайынмын. Сіз өмірімнің ең ауыр сәтінде қасымда болдыңыз. Ең қиын сәттерді бірге кештік. Мені өзіңіздің қызындай көрдіңіз, туған қызыңыздай жақсы көресіз. Мен сізді өз анамдай жақсы көремін, апа», – деп жазған Сымбат Абайқызы. «Сенің осынша ерте кететініңді білгенде қасыма алып жататын едім», – деп жауап берді Фариза Жұманова.


ПІКІР ЖАЗУ