«Оқыған Құранымыз қабыл болсын!»: Анна Данченко марқұм әкесін есіне алды
Белгілі тележүргізуші Анна Данченко Instagram-дағы парақшасында марқұм әкесін есіне алып, жан сырын ақтарды.
Бүгінде ол қызын ұзатып жүрген әкелерге қатты қызығатынын, ал өзінің әкесіз өмірі қиындап кеткенін айтты.
Әкемсіз өткен екі жыл. 15 тамызды жақсы көрмеймін. Бүгін үйде болдым. Әкесіз қандай қиын? Орны бөлек. Әкем туралы сөйлесіп отыр едік, жаңбыр жауып кетті. Ол бізді естіді. Оқыған Құранымыз қабыл болсын! Жаны жәннатта болуын тілейміз. Қыз ұзатып жатқан әкелерге қатты қызығамын. Папам менің қуанышымды көрмей кетті. Анамның өмір жасы ұзақ болып, менің балаларымды бағу бақыты бұйырсын! Қатты сағындым, – дейді Анна.
Сондай-ақ ол парақшасына жеке мұрағатындағы отбасылық видеоларын жариялады.
Фото: Instagram