«Бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді». IBA ақпаратты өшіріп тастады

17.08.2024
15:26
0
2857
Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) 2025 жылы бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты Қазақстанда өтетінін мәлімдеп, кейін ақпаратты өшіріп тастады, деп хабарлады politico.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Кеше, 16 тамызда IBA 2025 жылы әлем біріншіліктері қай елдерде өтетінін хабарлады. Ұйымның ресми сайтында әйелдер арасындағы чемпионат 2025 жылы наурызда Белградта (Сербия), ал ерлер арасындағы чемпионат 2025 жылы мамырда Астанада (Қазақстан) болатыны туралы ақпарат жарияланды. Қазақстан бокс федерациясының алғашында қыздар арасында әлем біріншілігін өткізуге өтінім бергені, бірақ кейін ерлер арасындағы чемпионатты өткізуді шешкені де айтылды.
Артынша бұл ақпарат IBA-ның ресми сайтынан өшіріліп, оның орнына 2025 жылы әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Сербияда болатыны туралы хабарлама жарияланды. Ал ерлер арасындағы біріншілікті келесі жылы мамырда өткізуге көптеген елдің өтінім бергені және турнирдің нақты қайда болатыны жыл соңына қарай анықталатыны хабарланды.
Айта кетейік, Халықаралық Олимпиада комитеті IBA-ға мүше елдер 2028 жылғы Олимпиада ойындарына қатыстырылмайтынын ескерткен еді. Сондай-ақ ХОК IBA-ны халықаралық федерация ретінде мойындамайтынын мәлімдеген болатын.
Фото: iba.sport хабарламасынан скриншот

Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

06.07.2025
18:36
Айқын Төлепберген қуанышты жаңалығын бөлісті

06.07.2025
15:41
Анасын іздеген Жәнібек сүйінші сұрады

06.07.2025
15:39
Қазақстан жасанды интеллектті қалай қолданады: ...

06.07.2025
14:24
Кейде ана болып та шаршайсың – Төреғалидің қары...

06.07.2025
13:53
Төреғали Төреәлі: Адастым, қателестім, кешірім ...

06.07.2025
12:23
Мен енді тумаймын – Ерке Есмахан