Бала кезінде бокспен айналысқан Амилай да алтын медаль әкелуге ниетті

0
782

Қазақстандық блогер-трансгендер Амилай Баймұратова боксқа оралып, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатысқысы келетінін айтты, деп хабарлайды politico.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Трансгендер саналатын блогердің ұл болып жүрген балалық шағында бокспен айналысқаны белгілі болды. Қазір осы спорт түріне қайта оралып, әйелдер құрамасында өнер көрсеткісі келетінін айтты.

Мен еліме алтын медаль әкелемін. Елім мені алтынмен аптайтын болады, – дейді Амилай Баймұратова.

Еске сала кетсек, Париж Олимпиадасында алжирлік боксшы Иман Хелиф әлем жұртшылығы тарапынан «трансгендер» деген сынға ұшыраған болатын.

Фото: видеодан скриншот



ПІКІР ЖАЗУ