«Егер әйел керек болса…»: Жанқош Тұраров өзіне тағылған айыпқа жауап берді

0
377

Боксшы Жанқош Тұраров Қазнетте тараған ақпаратқа Instagram парақшасында жауап берді.

Таңнан бері миллиондаған хабарлама келіп түсті. Өзім абдырап қалдым. Ресми түрде айтайын, бұл ақпарат – жалған. Жала! Мен сотқа жүгінемін. Тіпті керек десеңіздер, БАҚ-ты да сотқа беремін, – дедй ол.

Сондай-ақ боксшы өзінің 3 қыздың әкесі екенін және «егер жыныстық қатынас үшін әйел керек болса, зорлық-зомбылықсыз келісетіндер бар» екенін атап өтті.

Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын. Қазір мәселенің мән-жайын, кім қандай жала жауып отырғанын анықтайтын боламын! – деді Жанқош Тұраров.

Таңертең БАҚ пен әлеуметтік желіге «боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады» деген ақпарат тараған еді. Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі сол оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалғанын да хабарлады.

Фото: Instagram



ПІКІР ЖАЗУ